Қазақстандық төрт бұрымды боксшы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында бокстан жарыс қыза түсті. Әйелдер арасындағы жартылай финалдық бәсекелер аяқталып, Қазақстан құрамасының төрт спортшысы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.
Шешуші жекпе-жекте ел намысын келесі боксшылар қорғайды:
– Гүлназ Бөрібаева (48 кг дейін),
– Бақыт Сейдіш (70 кг дейін),
– Шұғыла Нәлібай (75 кг дейін),
– Әсел Тоқтасын (80 кг жоғары).