Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі орындары өзгерді
Елена Рыбакина жаңартылған WTA рейтингінде бір сатыға төмендеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстанның бесінші орынға түсті. Ол америкалық Коко Гауффты алға жіберді. Әлемдік рейтингте Польша өкілі Ига Швентек көш бастап тұр. Екінші орында Арина Соболенко, үздіктер үштігін америкалық Джессика Пегула түйіндеп тұр.
Қазақстанның басқа өкілдеріне келсек, Юлия Путинцева да 32 орыннан 35-ке төмен түсті. Жібек Құламбаева 27 сатыға көтерілді (315 WTA), Зарина Дияс 81 орынға көтерілді (490 WTA), ал ең қарқынды өзгеріс жасаған Соня Жиенбаева, ол 101 сатыға жоғары жылжыды (680 WTA).
Жұптық сында Анна Данилина үш сатыға көтерілсе (31 WTA), Юлия Путинцевада төрт саты өзгеріс (114 WTA) бар.