Қазақстандық теннисшілер Түркияда өткен турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкар Дүйсебай Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирдің чемпиондары атанды, деп хабарлайды Sport+.
Финалда қазақстандықтар Ани Амирагян (Армения) мен Ада Кумру (Түркия) дуэтінен 5:7, 6:4, 11:9 есебімен басым түсті.
Асылжан мен Іңкар үшін бұл — ITF аясындағы ересектер арасындағы әйелдер турындағы екінші бірлескен титул. 2025 жылдың жазында қазақстандық теннисшілер Астанада өткен ITF W15 турнирінде де чемпион атанған болатын.