Қазақстандық теннисшілер Франциядағы турнирді жеңістен бастады
Францияның Монтпельесінде қос қазақстандық теннисші қатысатын ATP турнирі басталды деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Александр Бублик пен оның аттасы Шевченко жеке сында да, жұптық сында да өнер көрсетпек. Олар Франциядағы алғашқы матчты жұптық жарыста өткізді.
Қазақстандық ойыншылар Эван Кинг пен Рис Сталдер (АҚШ) дуэтін екі сетте оңай жеңді 6:4, 6:3.
Жеке сында Шевченко ертең чех Далибор Сврчинаға қарсы өткізеді.
Шевченко үшін бұл турнир Қазақстан азаматы атанғалы алғашқы жарыс.