logo

Қазақстандық теннисшілер Australian Open жұптық сынында жарысты аяқтады

Қазақстандық теннисшілер Australian Open жұптық сынында жарысты аяқтады

Мельбурн қаласында теннистен өтіп жатқан Аустралия ашық чемпионатында қазақстандық теннисшілер жұптық сында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге үмітті ақтай алмады.

Аталмыш «Үлкен дулыға» турнирінің 8-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина – И.Хромачева алғашқы айналымда ресейлік Камилла Рахимова – испаниялық Сара Соррибес-Тормоға есе жіберді – 3:6, 1:6. 

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық-ресейлік дуэт 1 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді. Қарсыластары 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. 

Сондай-ақ Александр Бублик пен Александр Шевченконың жұптық сында да жолы болмады. Қазақстандық тандем небәрі 44 минутта уругвайлық Ариэл Беар – америкалық Роберт Галлоуэйден ұтылды – 4:6, 1:6. Осылайша, А.Бублик пен А.Шевченко жарысты ерте аяқтады.

Әйелдер арасында жекелей сында сенсациялық нәтиже тіркелді. Әлемнің 5-ракеткасы, қытайлық, Париж Олимпиадасының чемпионы Чжэн Циньвэнь екінші айналымда рейтингіде 97-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундтан өте алмады – 6:7 (3:7), 3:6. 

Соның нәтижесінде Чжэн Циньвэнь WTA Live рейтингісінде 7-сатыға ығысып, қазақстандық Елена Рыбакина 6-орынға көтеріліп тұр. 



Күн шежіресі