Қазақстандық теннисшілер «Asu Open» турнирінде жүлдеге таласады

Қазақстандық теннисшілер «Asu Open» турнирінде жүлдеге таласады

Астанада World Tennis Tour W15/M15 санатындағы халықаралық «Asu Open» турнирінің екінші аптасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport+.

Жекелей сында Дамир Жалғасбай сәтті өнер көрсетуде. 1/8 финалда қазақстандық теннисші Никита Янинмен кездесіп, екі сетте 6:3, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті. Осылайша, Жалғасбай турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Дамир жұптық сында да жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Қазақстан чемпионы Даниал Рахматуллаевпен бірге ол финалға шығып, енді чемпиондық атақ үшін таласады.

Қыздар арасындағы бәсекеде Асылжан Арыстанбекова ширек финалға жолдама алды. Екінші айналымда ол аустриялық Лиэль Марлис Ротенштайнерді үш сетте 3:6, 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Арыстанбекова жұптық сында Инкар Дюсебаймен бірге өнер көрсетуде. Қазақстандық дуэт те финалға шығып, турнир жеңімпазы атану үшін сынға түседі.

«Asu Open» халықаралық турнирі Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының ашық хард корттарында өтіп жатыр. Жұптық сындағы финалдық кездесулер 7 тамызда өтсе, жекелей сынның жеңімпаздары 8 тамызда анықталады.

Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!



Күн шежіресі