Қазақстандық теннисші Ирактағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Сүлейманияда (Ирак) WTT Youth Contender халықаралық үстел теннисі турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
19 жасқа дейінгі жас санатында алтын медальді қазақстандық Сарвиноз Миркадирова жеңіп алды.
Ол Фатима Мусаны (Ирак) 3:0, Йекта Адибианиді (Иран) 3:2, Заара Тахерді (Ирак) 3:0, Атена Захирифарды (Иран) 3:0, жартылай финалда Элина Рахимиді (Иран) 3:1 есебімен жеңді.
Финалдық матчта Миркадирова Таниша Котечиден (Үндістан) 3:1 есебімен басым түсті.