logo

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетіп, тарихқа енді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетіп, тарихқа енді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық спортшы финалда Беларусь өкілі Арина Соболенканы екі сетте де тізе бүктірді.

Шешуші кездесу 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.

Осылайша, Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында WTA қорытынды турнирін жеңіп алған алғашқы қазақстандық теннисші атанды.



Күн шежіресі