Қазақстандық талант Juniors Australian Open ширек финалында
18 жастағы қазақстандық теннисші, жасөспірімдер арасында елдің бірінші ракеткасы және жасөспірімдер рейтингінде әлемнің 12-ракеткасы Заңғар Нұрланұлы Juniors Australian Open турнирінің ширек финалына шықты.
17 жастағы Заңғар үшінші айналымда 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Ресейдің бірінші ракеткасы Савва Рыбкинмен кездесті.
Алғашқы сетте Заңғар 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Екінші сетте тартысты бәсекеде Нұрланұлы 6:4 есебімен басым түсті.
Кездесу 1 сағат 18 минутқа созылды.
Енді қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін Гонконг өкілі Кай Томпсонмен ойнайды.