Қазақстандық таеквондошылар Астанадағы Kazakhstan Open турнирінде үш алтын медаль жеңіп алды
Астанада таеквондодан ірі халықаралық Kazakhstan Open турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды.
Алтын медальді Самирхон Абабакиров (68 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (87 келіге дейін) және Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) иеленді.
Күміс жүлдеге Жавохирхон Исламов (58 келіге дейін), Нұрай Бауыржанова (49 келіге дейін) және Нодира Ахмедова (53 келіге дейін) қол жеткізді.
Қола медальді Баходир Шапулатов (54 келіге дейін), Мерген Ғаниев (80 келіге дейін), Нұрқанат Қожахмет (87 келіге дейін), Рита Бакишева (49 келіге дейін), Аружан Әбдіқадыр (53 келіге дейін), Тоғжан Қазнабек (57 келіге дейін) және Айша Әділбекқызы (62 келіге дейін) жеңіп алды.
Командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды. Бірінші орынды Түркия құрамасы иеленді. Түрік спортшылары бес алтын, бір күміс және он қола медаль жеңіп алды. Үздік үштікті Өзбекстан құрамасы түйіндеді. Олардың еншісінде екі алтын, төрт күміс және бір қола медаль бар.