Қазақстандық таеквондошылар Әлем кубогына қатысады
Таеквондодан Чхунчхон (Оңтүстік Корея) қаласында өтетін командалық Әлем кубогына қатысатын Қазақстанның құрамасы жарияланды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ауқымды халықаралық турнирде ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімі келесідей:
— Мақсат Орынбасар
— Абдурахмон Марипов
— Ануар Мұхаметкарымов
— Батырхан Кусетов
— Камила Аймұқашева
— Аида Тәукенова
— Аружан Найманбаева
— Нұрай Қазнабек
Айта кетейік, командалық Әлем кубогы 14-16 шілде аралығында өтеді.