Қазақстандық спортшылар көркем гимнастикадан Португалиядағы турнирде жеңіс тұғырынан көрінді
Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшелері Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова Португалияда өткен «Шақырту кубогінде»жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Көпсайыс қорытындысы бойынша Парфилова 5, Жайлауова 7-орыннан көрінді.
Ал жекелеген жаттығулар бойынша өткен финалда екі спортшымыз да жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Атап айтар болсақ, Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда күміс, таспамен жаттығуда қола жүлдегер атанды.
Эрика Жайлауова доп жаттығуында күміс алса, шығыршықпен жаттығуда 4-орынға табан тіреді.
Ал Қазақстан командасының үздіктері Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы алдағы әлем кубогі кезеңдеріне дайындалып жатыр.