Қазақстандық спортшы жасөспірімдер арасында әлемдік рекорд орнатты
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (Египеттің Исмаилия қаласында) қазақстандық спортшы Бейбарыс Ерсейіт әлемдік рекорд орната алды, деп хабарлайды Sport+.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «жұлқа көтеру» жаттығуында Ерсейіт 131 келіні бағындырып, жасөспірімдер арасында әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Қазақстан ауыр атлетика федерациясы.
Алайда кейін бұл рекорд жаңартылды. Ал «серпе көтеруде» Бейбарыс сәтті нәтиже көрсете алмай, чемпионат медалінсіз қалды.