logo

Қазақстандық спортшы Тунистегі үстел теннисі турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты

Қазақстандық спортшы Тунистегі үстел теннисі турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшысы Алан Құрманғалиев Тунисте өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Sport+.

1/8 финалда қазақстандық спортшы поляк Артур Громекті 3:0 есебімен жеңген болатын.

Алайда ширек финалда франциялық Томас Лароштан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Алан жекелей сайыстағы өнерін ширек финалда аяқтады.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыстарға қатысты.



Күн шежіресі