Қазақстандық спортшы тау шаңғы спортынан Италияда өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды
Тау шаңғы спортынан Қазақстан құрамасының өкілі Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз алып слалом сайысында алтын медаль иеленді.
Екінші орынды канадалық Симона Сент-Пьер алса, қола жүлде АҚШ спортшысы Ноэль Ротқа бұйырды.