Қазақстандық спортшы Астанадағы Азия кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық спортшы Астанадағы Азия кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды

Қазақстан құрамасының триатлоншысы Аян Бейсенбаев Астанада өткен Азия кубогы кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз жарыс жолын 00:54:05 уақыт көрсеткішімен аяқтап, мәреге бірінші болып жетті.

Екінші орынды Тео Матри иеленді — 00:54:08. Ал үздік үштікті чехиялық Радим Гребик түйіндеді — 00:54:09.

Егор Крупяков сегізінші орын алса, Дарын Қонысбаев 11-орынға тұрақтады. Темірлан Теміров 14-ші, Рамазан Айнегов 18-ші, Максим Шмулич 21-ші, Арлан Жаңабай 24-ші, Александр Тен 25-ші, Елмұрт Қанай 30-шы, Данил Породнов 33-ші, Александр Автушко 34-ші, Әлинәби Марабеков 35-ші және Илья Крупяков 36-шы нәтиже көрсетті.