Қазақстандық семсерлесушілер Алматыда өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде бес жүлдеге қол жеткізді

Алматыда семсерлесуден жасөспірімдер арасында әлем кубогы өтті, деп хабарлайды Sport+.
Жарысқа 13 елден 100-ден астам спортшы қатысты.
Қазақстан құрамасы өз жерінде өткен турнирде бес медаль жеңіп алды.
Жекелей сында Нұрмұхаммед Жайлыбай күміс жүлдегер атанса, Әдемі Серікбай мен Қайназар Нұрқатұлы қола медаль иеленді.
Командалық сайыста қазақстандық жігіттер алтын, ал қыздар күміс медаль еншіледі.