Қазақстандық садақшылар Түркиядағы әлем кубогының финалына шықты
Садақ атудан Қазақстан командасының мүшелері Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова Антальядағы (Түркия) әлем кубогының финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Садақшылар блоктық садақ атудан аралас командалық сында алтынға таласады.
Турнир барысында қазақстандықтар Бразилия, Словения мен Италияны ұтты.
Алтын үшін таласта Ұлыбританиямен кездеседі. Матч 22 маусымға жоспарланған.