logo
Live

Қазақстандық садақшылар Әлем Кубогында жүлде салды

Қазақстандық садақшылар Әлем Кубогында жүлде салды

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Шанхайда өткен Әлем Кубогында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанды. Команда сапында Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Айжан Сейдахметова бар. Бұл Қазақстан үшін тарихи жүлде. Өкінішке қарай, бұл аталмыш жарыстағы жалғыз медаль. Ерлер арасында классикалық садақ атуда Ильфат Абдуллин тоғызыншы орында.