logo

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы халықаралық жарыста күміс медаль иеленді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы халықаралық жарыста күміс медаль иеленді

Эстонияда 11-17 қараша аралығында Tallinn Trophy халықаралық мәнерлеп сырғанау турнирі өтуде, деп хабарлайды Sport+.  

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Никита Кривошеев жасөспірімдер арасында қысқа және еркін бағдарлама бойынша 176.14 ұпай жинап, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Чемпион атағын 189.50 ұпаймен Швейцариядан келген Ян Вайлер жеңіп алды, ал үздік үштікті 172.35 ұпаймен швед Хьюго Бостедт қорытындылады.

Бұған дейін дәл осы турнирде әйелдер арасындағы жеке бағдарламада қазақстандық Софья Самоделкина күміс медаль иеленген болатын.