Қазақстандық маман Азия бокс ұйымының кеңесіне кірді
 
                                            Жаңадан құрылған ASIAN BOXING қауымдастығы екінші жиналысын өткізді. Құрамына 21 ел енген аталмыш федерация уақытша директорлар кеңесін құрды, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасай отырып.
Осылайша, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Дархан Қызайбай кеңес мүшесі атанды.
Президент - Пичай Чунхаваджира (Таиланд) 
Директорлар кеңесінің құрамы:
• Викторико Варгас (Филиппин) 
• Джунг Аехун (Корея) 
• Дархан Қызайбай (Қазақстан) 
• Тилобоев Шохид (Өзбекстан) 
• Баянмукх Майдар (Моңғолия) 
• Али Таклиф Шахид (Ирак) 
• Аджай Сингх (Үндістан) 
• Татсуя Накама (Жапония)
 
    