Қазақстандық конькишілер Херенвендегі лицензиялық әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды
5–7 желтоқсан күндері Нидерланд Корольдігінің Херенвен қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогінің үшінші кезеңі өтеді. Әйелдер арасында Қазақстан намысын 5, ерлер арасында 10 спортшы қорғайды.
Әйелдер. 5 желтоқсан
1000 метр: Елизавета Голубева, Арина Ильященко, Алена Лифатова, Надежда Морозова, Кристина Силаева
5000 метр: Надежда Морозова
6 желтоқсан
1500 метр: Елизавета Голубева, Арина Ильященко, Надежда Морозова
7 желтоқсан
500 метр: Арина Ильященко, Алена Лифатова, Надежда Морозова, Кристина Силаева
Масс-старт: Елизавета Голубева, Арина Ильященко, Надежда Морозова
Командалық спринт: Елизавета Голубева, Арина Ильященко, Надежда Морозова, Кристина Силаева
Ерлер. 5 желтоқсан
1500 метр: Роман Биназаров, Александр Кленко
6 желтоқсан
1000 метр: Роман Биназаров, Артур Галиев
7 желтоқсан
500 метр: Артур Галиев, Евгений Кошкин, Никита Важенин, Алтай Жардембекұлы
Масс-старт: Виталий Щиголев, Вадим Якубовский, Андрей Зуев
Командалық спринт: Нұралы Ақжол, Роман Биназаров, Артур Галиев, Александр Кленко, Никита Важенин, Алтай Жардембекұлы
Айта кетейік, лицензиялық Әлем кубогінің алғашқы кезеңі 14–16 қараша күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтті. Екінші кезең 21–23 қарашада Канаданың Калгари қаласында өтті, ал төртінші кезең Норвегияның Хамар қаласында 12–14 желтоқсанда өтеді. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша 2026 жылғы Миланда өтетін Олимпиада ойындарына жолдамалар үлестіріледі.