logo

Қазақстандық гимнастар әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Қазақстандық гимнастар әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионатының жекелей сайыстарының іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық гимнастар көпсайыс бойынша финалға жолдама ала алмады. Айым Мейіржанова іріктеуді 25-орынмен аяқтады. Айбота Ертайқызы 34-орынды иеленді.

Бұл бағдарлама бойынша әлем чемпионатының финалына 18 гимнаст шықты. Іріктеу нәтижесі бойынша үздік үштікке Дарья Варфоломеев (Германия), Таисия Онофрийчук (Украина) және Стилиана Николова (Болгария) енді.