Қазақстандық футболшы Еуропалық клубта чемпион атанды
Бакудің «Сабах» футбол клубы чемпионаттың аяқталуына төрт тур қалғанда Әзербайжан чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport+.
Команда жақын қарсыласы — «Карабах» клубы үшін қолжетімсіз болып, бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
Айта кетейік, «Сабах» клубының қақпасын қазақстандық қақпашы Стас Покатилов қорғайды. Ол осы маусымда чемпионаттағы барлық 29 матчқа қатысты.