Қазақстандық форвард Беларусь клубына ауысты
25-жасар шабуылшы Оралхан Өміртаев Беларусь елінің «Слуцк» клубымен келісім шарт жасасты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Өткен маусымда «Шахтер» шәкірті «Атырау» сапында өнер көрсетіп, чемпионаттың 25 ойынында бір ғана гол соққан еді.
2023 жылдың маусымында «Слуцк» Беларусь чемпионатында 8-орын алған.