logo

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында он жартылай финалдың тоғызында сәтті аяқтады

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында он жартылай финалдың тоғызында сәтті аяқтады

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы жартылай финалдық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстан құрамасының он боксшысы жартылай финалда өнер көрсетіп, тоғыз отандасымыз финалға шықты.

-48 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай жапондық Казума Аратакені сенімді түрде жеңді.

-54 келіге дейін: Махмұд Сабырхан тайландтық Саравут Сукхтеттен басым түсті.

-57 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов моңғолиялық Лундаа Гантумурды жеңіп, финалға өтті.

-67 келіге дейін: Дулат Бекбауов тәжікстандық Шухрат Саломатовтан айласын асырды.

-71 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов тағы бір тәжік боксшысы Шохобжон Шукуровты жарыстан шығарды.

-75 келіге дейін: Диас Молжігітов украиналық Павло Илюшаны жеңіп, финалға жолдама алды.

-80 келіге дейін: Өкінішке орай, Ерасыл Жақпеков өзбекстандық Турабек Хабибуллаевқа жол берді.

-86 келіге дейін: Бекзат Нұрдәулетов украиналық Данило Жасанды жеңіп, финалға шықты.

-92 келіге дейін: Сағындық Тоғамбай жартылай финалда қытайлық Туймяо Люді мерзімінен бұрын жеңіп, финалға өтті.

-92 келіден жоғары: Айбек Оралбай өзбекстандық Джаһонгир Зокировты жеңіп, алтынға таласатын болды.

Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 желтоқсанда өтеді.