logo

Қазақстандық боксшы Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық боксшы Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыста 60 келідегі Римма Волосенко үшінші жекпе-жегінде өз мықтылығын танытты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

Жерлесіміз Уругвай спортшысы Камилла Паоло Пинейродан қарағанда жылдам қимылдап, дәл соққыларын дарыта білді. Сондай-ақ, Римма 2-раунд барысында қарсыласын нокдаунға да жіберді. 

Енді отандасымыз ширек финалдық айқасын ертең өткізеді.