logo

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында өзбекстандыққа жол берді

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында өзбекстандыққа жол берді

54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрасыл Төлебек Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Төлебектің қарсыласы өзбекстандық Собиржон Тастанов болды. Үш раундтық жекпе жектің нәтижесінде төрешілер жеңісті 5:0 есебімен Тастановқа берді. Осылайша, ол алтын үшін күреседі, ал Нұрасыл Төлебекке қола медаль бұйырды.

Айта кетейік, Нұрасыл Төлебек 2023 жылы Ереванда (Армения) өткен әлем чемпионатында жастар арасында чемпион атанған.