logo

Қазақстандық балуан грек-рим күресінен күміс медальға ие болды

Қазақстандық балуан грек-рим күресінен күміс медальға ие болды

Күрес түрлерінен Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны күміс медальмен толықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сілтеме жасап. 

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов финалда жеңіліс тапты. 

Ол ақтық сында ирандық Ахмедреза Мохсен Нежадтан 2:0 есебімен ұтылды. 

Осылайша, Ашрапов әлем біріншілігінің күміс медалін иеленіп отыр. Бұған дейін қазақстандық «классиктер» Испания бозкілемінен 3 қола медаль жеңіп алған болатын.