Қазақстанда Ролан Гаррос іріктеу жарысы өтеді
Қазақстан теннис федерациясы биыл Алматы қаласында тамызда Roland Garros Junior Series by Renault іріктеу турнирі өтетінін мәлімдеді. Оған Орталық және Батыс Азиядан 17 жасқа дейінгі 16 үздік ойыншы қатысып, жасөспірімдер арасында 2025 жылғы Франция ашық чемпионатына жолдама алу үшін таласады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
«Азия теннис федерациясы мен Франция теннис федерациясы Азияда топырақ төсенішіндегі теннисті дамыту, сондай-ақ жеңімпаздарға – 17 жастағы бозбалалар мен қыздарға бозбалалар арасында 2025 жылғы Ролан Гаррос және одан кейінгі негізгі жарыстарға уайлд-карт беретін үздік ойыншыларды анықтау үшін турнирлер өткізу жөнінде меморандумға қол қойды. Бұл ретте Жапонияда өтетін негізгі турнирден бөлек, Азияның барлық аймақтарын барынша қамту мақсатында Орталық Азияда (Қазақстанда, Алматыда) және Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия үшін Қытайда (Хайнань) екі іріктеу сайыстары болады. Алматыда өтетін жарысқа Оңтүстік және Батыс Азиядан 16 үздік ойыншы қатысып, қорытынды турнирге бару үшін бақ сынайды. Бұл ойыншылар үшін өте пайдалы. Біріншіден, әр ойыншы жеткілікті матчқа қатысу үшін айналма және бірден шығып қалатын форматта сынға түседі. Екіншіден, әр жеңіс үшін 16 жасқа дейінгілер арасында ATF турдың ұпайлары беріледі. Сондай-ақ жарыста жақсы өнер көрсеткен ойыншылар үшін гранттар ойластырылған. Қазақстан Азиядағы жетекші елдердің бірі екендігін бірнеше рет дәлелдеді. Сондықтан Қазақстанда теннистің дамуы басталған «Горький паркі» корттары сияқты тарихи алаңда Juniors Roland Garros турниріне үздік ойыншыларды іріктеу үшін алғаш рет доданы өткізу біз үшін ерекше қуанышты», деді Азия теннис федерациясының президенті Юрий Польский.