Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатында командалық есепте жеңіске жетті

Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатында командалық есепте жеңіске жетті

Амманда (Иордания) өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық грек-рим күресшілері командалық есепте үздік атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Біздің балуандар үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль еншіледі.

Алтын медаль иегерлері:

Ербол Қамалиев (55 келі)

Нұрсұлтан Базарбаев (63 келі)

Мерей Мәулітқанов (72 келі)

Күміс медаль иегерлері:

Диас Әскербай (67 келі)

Расул Жүніс (77 келі)

Альмир Төлебаев (82 келі)

Мақсат Сайлау (87 келі)

Қола медаль иегерлері:

Бақдәулет Азамат (97 келі)

Асылбек Жәнібекұлы (130 келі)



Күн шежіресі