Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Қазақстандық ауыр атлеттер Мысырда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық спортшылардың нәтижелері:
Ерсейіт Бейбарыс (65 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) серпе көтеру жаттығуында 131 келіні бағындырып, жасөспірімдер арасында әлем рекордын орнатты.
Сәулебеков Ерасыл (88 келіге дейінгі салмақ дәрежесі):
— серпе көтеру жаттығуында алтын медаль — 199 келі;
— қоссайыс қорытындысы бойынша күміс медаль — 356 келі.
Әскербай Әлихан (88 келіге дейінгі салмақ дәрежесі):
— жұлқа көтеру жаттығуында күміс медаль — 161 келі;
— серпе көтеру жаттығуында қола медаль — 194 келі;
— қоссайыс қорытындысы бойынша қола медаль — 355 келі.