Қазақстан VS Әлем шайқасы мерейтойлық «Alash Pride» турнирінде. «Alash Pride» 108 турнирі LIVE

Астанада «Alash Pride» 108 атты үлкен турнир өтеді. Бұл турнир лиганың 15 жылдығына арналған.
Басты жекпе-жекте UFC-дің бұрынғы екі файтері — қазіргі таңда Қазақстанның үздік жеңіл салмақ өкілі Дамир Исмагулов пен әлемнің ең үздік лигасында 9 жекпе-жек өткізген бразилиялық Алан Патрик кездеседі.
Қосалқы басты жекпе-жектерде UFC-дің бұрынғы чемпиондары Генри Сехудо мен Ренан Баррао өнер көрсетеді. Олар қазақстандық мықтылар — Қайрат Ахметов пен Арман Оспановпен кездеседі.
Сондай-ақ турнирге лига чемпиондары Саламат Исбулаев, Расул Хатаев, Бобур Абдулазизов, Нурхат Жұмағазы және басқа да спортшылар қатысады.
Турнир 19:00–де басталады. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және sportplus\_qaz YouTube арнасынан көруге болады.