logo

Қазақстан теннисшілері халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетуде

Қазақстан теннисшілері халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетуде

Қазақстандықтар Сандуғаш Кенжебаева мен Аружан Сағындықова жұптық сында Түркия мен Тунисте өтіп жатқан ITF W15 турнирлерінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Анталиядағы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген 19 жастағы С.Кенжебаева мен түркиялық Илай Йорук үш кездесуді сәтті өткізді.

Қазақстандық-түркиялық жұп алдымен румыниялық Елена Бертеа – словакиялық Лаура Силекованы 1:6, 6:4, 10:7 есебімен тізе бүктірді. 

Ширек финалда қазақстандық Асылжан Арыстанбекова – ресейлік Дарья Шадчневадан айласын асырды — 6:3, 6:4.

Жартылай финалда С.Кенжебаева – И.Йорук тартысты матчта қазақстандықтар Іңкәр Дүйсебай – Анастасия Крымкованы жеңді – 3:6, 6:3, 10:6. 

Қазақстандық-түркиялық дуэт сенбі күні финалда доданың 1-ракеткалары, германиялық Мина Ходжич – швейцариялық Мари Меттраукспен бас жүлдені сарапқа салады. 

Жиырма жастағы А.Сағындықова Монастирдегі (Тунис) осындай турнирде ресейлік Мария Головинамен бірге финалға дейін жетті. 

Қазақстандық-ресейлік тандем фаворит болып саналмаса да, табысты өнер көрсете білді. Олар әуелі ресейлік Устинья Ликомцева – молдовалық Ева Заболотнаяны жолдан тайдырды – 5:7, 6:4, 10:2. 

Содан кейін франциялықтар Лайа Петретич – Нина Радованович қапы қалдырды – 6:2, 6:4. 
Ал жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, нидерландылық Мадельеф Хагеман – румыниялық Андрея Пришакариудан басым түсті – 6:0, 7:6 (7:4).

Аружан Сағындықова – Мария Головина соңғы бәсекеде словениялық Зива Фолкнер – сербиялық Елена Миловановичпен сынға түседі. Бұл матч та 11 қаңтарға белгіленген. 

Дүниежүзілік рейтингіде 973-орында тұрған Аружан жекелей сында ширек финалға дейін жетіп, онда әлемнің 535-ракеткасы, германиялық Лара Шмидтке жол берді – 4:6, 5:7. 



Күн шежіресі