Қазақстан теннисінің алғашқы жартыжылдықтағы басты табыстары мен маңызды сәттері

Қазақстан теннисінің алғашқы жартыжылдықтағы басты табыстары мен маңызды сәттері

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы отандық теннис күнтізбесінде халықаралық ірі додаларға толы болды. Астана төріндегі әлемдік командалық чемпионаттар мен Шымкенттегі кәсіби ATP Challenger турнирлері жанкүйерлерге ұмытылмас әсер сыйлады.

Ақпан: Дэвис Кубогының плей-офф кезеңі (Астана)

6-7 ақпан, 2026 жыл

Ұлттық теннис орталығында Қазақстан ерлер құрамасы Бірінші әлемдік топтың плей-офф кезеңі аясында Монако командасын қабылдады. «Beeline Arena» корттарында өткен бәсеке күтпеген нәтижемен аяқталды. Жерлестеріміз фаворит саналғанымен, Монако теннисшілеріне 1:3 есебімен жол берді.

 
Жекелей сындағы шешуші кездесуде құрама көшбасшысы Александр Бублик екі сағаттық айқаста Валентен Вашеродан ұтылды – 6:7 (4:7), 6:7 (7:9). Енді қыркүйек айында Қазақстан құрамасы Екінші әлемдік топтың плей-офф кезеңінде бақ сынап, бұрынғы дивизионына қайта оралу үшін таласады.

Сәуір: Билли Джин Кинг Кубогының іріктеуі (Астана)

10–11 сәуір, 2026 жыл

Сәуір айының ортасында әйелдер құрамасы Канада командасына қарсы маңызды матч өткізді. «Beeline Arena» корттарында өткен тартысты сында қазақстандық теннисшілер 3:1 есебімен айқын жеңіске жетті.

 
Юлия Путинцева мен Бьянка Андрееску арасындағы кездесу нағыз триллерге айналды. 3 сағат 39 минутқа созылған рекордтық матчта отандасымыз жеңісті жұлып алды – 7:6(5), 3:6, 7:6(4). Осы табыстың арқасында Қазақстан құрамасы қыркүйек айында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін Billie Jean King Cup Finals кезеңіне жолдама алды.

Сәуір–Мамыр: ATP Challenger 50 сериясы (Шымкент)

19 сәуір – 3 мамыр, 2026 жыл

Оңтүстік мегаполис екі апта бойы грунт шеберлерінің бас қосатын орталығына айналды. Мұнда қатарынан екі ATP Challenger 50 турнирі өтті:Бірінші турнир: 19–25 сәуір.
Екінші турнир: 26 сәуір – 3 мамыр.
 
Жарыстың негізгі кестесінде 25 елдің өкілдері бақ сынады. Жанкүйерлер үшін жас таланттарымыз – Амир Омарханов, Заңғар Нұрланұлы және Дамир Жалғасбайдыңөнері ерекше қызығушылық тудырды. Олар үшін бұл турнирлер үлкен кәсіби тенниске өту жолындағы маңызды тәжірибе болды. Сондай-ақ, ұлттық құраманың тәжірибелі мүшелері Денис Евсеев, Григорий Ломакин және Тимофей Скатов та сынға түсті. Өкінішке қарай, бас жүлде отандастарымызға бұйырмады: Тимофей Скатов бірінші турнирдің финалына дейін жетіп, жеңіске бір қадам қалғанда сүрінді.

Көктемгі маусым мұнымен аяқталмайды. Енді Шымкентте Азия және Океания аймағы бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңдері басталады:11–16 мамыр: Billie Jean King Cup Juniors (қыздар);
18–23 мамыр: Junior Davis Cup (бозбалалар).
Азия мен Океанияның 16 елінен жиналған ең үздік жас теннисшілер әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне берілетін жолдамаларды сарапқа салады. Барлық матчтар Шымкенттегі «Beeline Arena» халықаралық теннис орталығында (Б. Момышулы даңғылы, 20Д) өтеді.

Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!



Күн шежіресі