Қазақстан таеквондодан командалық Әлем кубогында күміс медальға ие болды
Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық Әлем кубогы басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Алғашқы жарыс күні Қазақстан ерлер құрамасы финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.
Отандастарымыз ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен, жартылай финалда Ресей құрамасын 2:1 есебімен жеңді.
Ал ақтық сында Қытай құрамасына 2:0 есебімен жол берді.
Құрама сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов өнер көрсетті.
Айта кетейік, командалық Әлем кубогы 16 шілдеде аяқталады.