Қазақстан таеквондодан әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысады
28 тамызда, Қытайдың Тайюань қаласында таеквондодан әйелдер арасында ашық әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған додада ел намысын тоғыз спортшы қорғайды:
46 келіге дейін: Айдана Құмартаева, Жанель Сұлтанғалиева, Тоғжан Өмірзақ
49 келіге дейін: Нұрай Бауыржанова, Адель Жанділдинова
57 келіге дейін: Мария Севостьянова
62 келіге дейін: Айша Әділбекқызы
67 келіге дейін: Аружан Найманбаева
73 келіге дейін: Нұрай Хусаинова
Айта кетейік, әлем чемпионаты 30 тамызға дейін жалғасады.