Қазақстан су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Уругвайды ойсырата жеңді

Қазақстан су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Уругвайды ойсырата жеңді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы су добынан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін жалғастыруда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Үшінші кездесуде қазақстандық спортшылар Уругвай құрамасын ірі есеппен жеңді. Матч 22:5 есебімен аяқталды.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Сасин кездесудің үздік ойыншысы атанды. Бүгін, 6 тамызда, Қазақстан құрамасы Түркиямен кездеседі.

Еске салсақ, әлем чемпионатының алғашқы матчында ұлттық құрама Мысырға есе жіберсе, екінші ойында Сингапурдан басым түсті.



Күн шежіресі