Қазақстан су добынан Азия ойындарының жартылай финалына шықты
Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандық спортшылар ¼ финалда Оңтүстік Кореямен кездесті.
Төрт таймның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 18:14 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, ұлттық құрама жартылай финалда Қытай мен Таиланд арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.