Қазақстан стенд атудан Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде сегізінші орын алды

Қазақстан стенд атудан Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде сегізінші орын алды

Қазақстандық спортшылар Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан стенд атудан Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Наргиза Сарманова мен Марк Почивалов аралас командалар арасындағы «трап» бағдарламасында сегізінші орынға тұрақтады. Финалға үздік төрт команда ғана жолдама алды.

Жарыс қорытындысы бойынша Аустралия құрамасы жеңіске жетті. Қытай екінші орын алса, Италия үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандықтар Даниил Почивалов пен Элеонора Ибрагимова 17-орынға тұрақтады.



Күн шежіресі