Қазақстан семсерлесуден БАӘ-дегі жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңін екі медальмен аяқтады
Фуджейрада (БАӘ) рапирамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы ірі жарыста екі медальға қол жеткізді.
Әйелдер арасында София Актаева күміс жүлдеге ие болды.
Ерлер жарысында Тимофей Семёнов ел қоржынына қола медальді салды.