logo

Қазақстан садақшылары командалық жарыста екінші орын иеленді

Қазақстан садақшылары командалық жарыста екінші орын иеленді

Дәстүрлі садақ атудан командалық сайыста Қазақстан командасы күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Қазақстандық садақшылар финалда Аустралия командасымен бәсекеге түсті. Жарыс қорытындысы Аустралия алтын жүлдеге ие болса, қазақстандық садақшылар екінші орын алды. Командалық сайысқа 16 елдің құрамасы қатысты.