Қазақстан садақ атудан Бангладештегі Азия чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды
Садақ атудан Қазақстан құрамасының өкілдері Даккада (Бангладеш) өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бунед Мирзаметов, Андрей Тютюн және Мұса Ділмұхамет блоктық садақ атудан командалық жарыста алтын медаль жеңіп алды.
Ақтық сында отандастарымыз Үндістан құрамасын қапы қалдырды. Ойын 230-229 есебімен аяқталды.
Үшінші орын Оңтүстік Кореяға бұйырды.