logo

Қазақстан құрамасының тоғыз өкілі рингке шықпақ. Бокстан әлем чемпионатының алтыншы күнін қайда және қашан тамашалаймыз

Қазақстан құрамасының тоғыз өкілі рингке шықпақ. Бокстан әлем чемпионатының алтыншы күнін қайда және қашан тамашалаймыз

Ливерпульде өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында бүгінгі алтыншы жарыс күні Қазақстанның 9 өкілі рингке шығады. Олардың кейбірі үшін бұл Ұлыбританиядағы алғашқы жекпе-жек болмақ.

Бүгін Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдеге де қол жеткізе алады. Ол үшін 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Наталья Богданова түрік спортшысы Сема Чалышканды жеңуі қажет. Бұл жеңіс оған турнирдің жартылай финалына жол ашады.

Кешкі сессияда өздерінің алғашқы жекпе-жектерін өткізетіндер: 48 кг салмақта Назым Қызайбай (қарсыласы – венгриялық Лила Сзелецки), 50 кг салмақта Санжар Тәшкенбай (иорданиялық Ешишпен кездеседі) және 85 кг салмақта Бекзат Нұрдәулетов. Оның қарсыласы – грузиялық Георгий Кушиташвили. Сонымен қатар, 1/8 финал аясында Ертуған Зейнуллинов Уэльс өкілі Патрис Мугалзаймен қолғап түйістіреді.

Күндізгі бағдарламада Ливерпульдегі алғашқы жекпе-жегін Алуа Балқыбекова өткізеді. Ол кореялық Мун Гененмен кездеседі. Сондай-ақ 1/8 финалда Виктория Графеева англиялық Люси Кингс-Уитлиге қарсы шығады. Ал Махмұд Сабырхан Косово боксшысы Башким Баюкумен, Нұрбек Оралбай қытайлық Тохтарбек Танатханмен күш сынасады.

Екі рингтегі жекпе-жектердің толық кестесі төменде ұсынылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Күндізгі сессия 16:00-де, ал кешкісі 22:00-де басталады.

Тікелей эфир Sport+ арнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі