Қазақстан құрамасының маңызды ойындарына команда көшбасшысы көмектесе алмайды

27 жастағы «Динамо Мәскеу» қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов қыркүйек айындағы матчтарында Қазақстан құрамасының сапына қосылмады және жарақатынан кейін қалпына келу үдерісін клубта жалғастырады, деп хабарлайды Sport+.
Ақпарат көзінің мәліметінше, «Динамо» Қазақстан футбол федерациясына ойыншының бұлшық ет жарақатына байланысты ем қабылдайтынын хабарлаған. Жарақат Зайнутдиновқа РПЛ-дің бесінші турындағы ЦСКА-ға қарсы матчта (1:3) келген.
Егер қалпына келу жоспарға сай өтсе, қорғаушының «Спартакқа» қарсы дербиге дейін қатарға оралу ықтималдығы бар. Жалпы топпен жаттығуға келесі аптаның басында қосылуы мүмкін.
Бақтиердің орнына ұлттық команда сапына «Ордабасы» жартылай қорғаушысы Муратжон Халматов шақырылды.
Айта кетейік, Зайнутдинов «Динамо Мәскеу» клубына жазғы трансферлік терезеде ауысқан болатын. Ол жаңа командасы сапында әзірге 4 матч өткізіп, нәтижелі әрекетпен көзге түскен жоқ.