Қазақстан құрамасының футболшысы Ресей чемпионатына ауысты

Қазақстан құрамасының футболшысы Ресей чемпионатына ауысты

Ресейлік «Крылья Советов» пен қостанайлық «Тобыл» 26 жастағы жартылай қорғаушы Ислам Чесноковтың ауысуы бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Sport+ самаралық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ислам Чесноков — Өскеменнің «Алтай» академиясының түлегі. 2021 жылы ол Беларусьтің «Белшина» клубына ауысып, 2023 жылы Қостанайдың «Тобол» командасына қосылды. 2024 жылғы маусым қорытындысы бойынша Чесноков Қазақстан Премьер-лигасының үздік ойыншысы әрі үздік сұрмергені атанды.

2026 жылдың қаңтарында «Тоболмен» келісімшарты аяқталғаннан кейін футболшы еркін агент ретінде Шотландияның «Харт оф Мидлотиан» клубына ауысты. Команда сапында ол ұлттық чемпионаттың күміс жүлдегері атанып, 11 матч өткізіп, бір гол соқты.

2026 жылдың маусым айында Чесноков қайтадан «Тобыл» сапына қосылды. Қостанайлық клуб құрамында жартылай қорғаушы барлығы 101 матч өткізіп, 29 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді. Командасымен бірге Қазақстан Кубогын екі рет және ел Суперкубогын бір рет жеңіп алды.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы дебютін Ислам Чесноков 2023 жылы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта жасады. Қазіргі таңда ұлттық құрама сапында 24 ойын өткізіп, екі гол соққан.

«Крылья Советов» клубының бас директоры Тархан Джабраилов:

— Ислам Чесноков біздің клубтың көптен бері қызығушылық танытып жүрген ойыншысы. Біз оны ұзақ уақыт бойы бақыладық. Ол — білікті әрі жеке шеберлігі жоғары футболшы. Ислам командамыздың шабуылдағы әлеуетін айтарлықтай күшейтеді. Оның жоғары орындар үшін күресуде және еурокубоктарда ойнауда тәжірибесі бар.

Қазір Ислам Чесноковты қатарымызға қосуға жақсы мүмкіндік туды және біз осы мүмкіндікті клубымыз үшін қолайлы шарттармен пайдаландық. Ойыншыны сатып алу құқығымен жалға алу туралы келісім жасадық. Ислам Чесноков «Крылья» үшін сапалы толықтыру болады деп сенемін.



Күн шежіресі