Қазақстан құрамасының футболшысы «Ақтөбе» клубынан кетуі мүмкін

21-жасар жартылай қорғаушы Дархан Бердібек «Ақтөбе» клубынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Sport+.
Футболшы тұрақты түрде ойын тәжірибесін алуға мүмкіндік бар Премьер-лига клубтарының бірінің ұсынысын қарастырып жатыр.
Ақтаулық футбол мектебінің түлегі биылғы Қазақстан чемпионатында 12 матч өткізіп, екі гол соқты.
Бердібектің еншісінде Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы сапында 2 ойын бар.