Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері БАӘ құрамасын басқарды

«Қайрат» футзал клубы мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Какау БАӘ құрамасының тізгінін ұстады, деп хабарлайды Sport+ KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.
Какау Қазақстан құрамасынан кейін Кувейт құрамасын басқарып, онымен бірге Батыс Азия чемпионатын жеңіп алды.
2023 жылдың наурызында ол өзінің мансабында тағы бір кубокты жеңіп алды. Бразилиялық маман қысқа мерзімге румындық «Аутобергамо Дева» клубын басқарып, Румыния Кубогының иегері болды. Содан кейін Ирак құрамасы мен румындық «Юнайтед Галати» командаларында қызмет атқарды.