Қазақстан құрамасы жастар Еуро-2027 іріктеуінде Англияға қарсы ойнайды

6 ақпанда Швейцарияның Ньона қаласында 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport+ УЕФА ресми сайтына сілтеме жасап.
2027 жылғы жастар командалары арасындағы Еуропа чемпионаты Албания мен Сербияда өтеді.
Жастар Еуро-2027 іріктеу турнирінің топтары:
А тобы: Испания, Румыния, Финляндия, Косово, Кипр, Сан-Марино
B тобы: Португалия, Чехия, Болгария, Шотландия, Әзірбайжан, Гибралтар
C тобы: Франция, Швейцария, Исландия, Фарер аралдары, Люксембург, Эстония
D тобы: Англия, Ирландия, Словакия, Молдова, Қазақстан, Андорра
E тобы: Италия, Польша, Швеция, Солтүстік Македония, Черногория, Армения
F тобы: Германия, Грузия, Греция, Солтүстік Ирландия, Латвия, Мальта
G тобы: Нидерланды, Норвегия, Словения, Израиль, Босния және Герцеговина
H тобы: Украина, Хорватия, Венгрия, Түркия, Литва
I тобы: Дания, Бельгия, Австрия, Уэльс, Беларусь
Іріктеу циклінің күнтізбесі:
Топтық кезең: 17-25 наурыз 2025 жыл
2-10 маусым 2025 жыл
1-9 қыркүйек 2025 жыл
6-14 қазан 2025 жыл
10-18 қараша 2025 жыл
23-31 наурыз 2026 жыл
21 қыркүйек — 6 қазан 2026 жыл
Плей-офф матчтар: 9-17 қараша 2026 жыл