Қазақстан құрамасы WTT Youth Contender Almaty 2026 турнирінде 10 медаль жеңіп алды
WTT Youth Contender Almaty 2026 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+.
Бірнеше күнге созылған жарыста қазақстандық жас үстел теннисшілері жоғары шеберліктерін, қайсарлықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
Қазақстан құрамасының қорытындысы: 3 күміс және 7 қола медаль.
Күміс жүлдегерлер:
Дулат Ералхан — U13 ұлдар арасындағы жекелей сын
Назерке Болатбек — U11 қыздар арасындағы жекелей сын
Бақдәулет Нұржан — U11 ұлдар арасындағы жекелей сын
Қола жүлдегерлер:
Алан Құрманғалиев — U19 ұлдар арасындағы жекелей сын
Мария Лукьянова — U15 қыздар арасындағы жекелей сын
Олег Яковлев — U13 ұлдар арасындағы жекелей сын
Дагир Данияров — U11 ұлдар арасындағы жекелей сын
Амина Тоқпанова — U11 қыздар арасындағы жекелей сын
Злата Стадник — U11 қыздар арасындағы жекелей сын
Мария Лукьянова / Олег Яковлев — U15 аралас жұптық сын